Inside Our Team
Біздің "Inside Our Team" айдарының аясында біз сіздерді өздерінің кәсібилігімен және жеке рухының қуаттылығымен ерекше жетістіктерге қол жеткізіп қана қоймай, біздің компанияны ерекше ететін Fonte Capital Ltd қызметкерлерінің шабыттандыратын оқиғаларымен таныстыруды жалғастырамыз.
Бұл шығарылымда біз Fonte Capital Ltd Chief Risk Officer Сергей Киммен әңгімелестік. Ол компаниядағы өзінің рөлі және тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесінің негізгі сын-қатерлері туралы айтып берді.
Соңғы жылдары тәуекел-менеджер мамандығы қалай өзгерді? Бүгінде инвестициялық компаниялардың алдында қандай тәуекелдер тұр? Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құрудағы ең маңызды нәрсе не? Осы шығарылымда оқыңыз.
1. Сергей, қазіргі заманғы инвестициялық компанияда Chief Risk Officer-дің негізгі міндеттері қандай?
Chief Risk Officer-дің негізгі міндеті компанияның капиталын сақтау және залалдарды/зияндарды барынша азайту мақсатында инвестициялық қызметте туындайтын тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруді және басқаруды қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін құру болып табылады.
2. Соңғы жылдары CRO рөлі қалай өзгерді және қандай жаңа сын-қатерлер пайда болды?
Соңғы жылдары CRO алдында тұрған мiндеттер едәуiр кеңейдi, өйткенi қаржы қызметтерi нарығының жұмыс iстеу ландшафты мен шарттары өзгеруде.
Атап айтқанда, технологиялардың дамуына байланысты қаржы институттары соңғы жылдары өздерінің қашықтан сату арналары мен онлайн-қызметтерін мобильді қосымшалар (шот ашу және толықтыру, ақша қаражатын аудару, қаржы құралдарымен мәмілелер) арқылы дамытуда, олар, бір жағынан, клиенттер үшін пайдалануға ыңғайлы, бірақ, екінші жағынан, алаяқтық әрекеттерге байланысты активтерді (ақша қаражатын) жоғалту тәуекелін көтереді.
Ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауiпсiздiк тәуекелдерiнiң өсуi қорғаныш шараларын күшейту және осындай тәуекелдердi сәйкестендiру мен басқарудың жаңа әдiстерiн әзiрлеу қажеттiгi туындайтын операциялық тәуекелдер жағына назар аударады.
Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесінің тұрақтылығы үшін жаңа сын-қатер жеке инвесторлардың да, ірі хедж-қорлардың да қызығушылығы өсетін цифрлық активтер мен орталықсыздандырылған қаржы нарығының қарқынды дамуы болып табылады.
Цифрлық активтер нарығы қалыпты қор нарығынан айтарлықтай ерекшеленеді, бұл оған тәуекелдерді басқарудың жаңа әдістерін қолдануды талап етуі мүмкін.
3. Сіз қалай ойлайсыз, инвестициялық компанияда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің негізінде қандай қағидаттар жатыр?
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі қағидаттары:
- Әртараптандыру – инвестициялық портфель деңгейінде тәуекелдерді барынша азайтудың негізгі қағидаты. Активтердің артық шоғырлануына жол бермеу үшін құралдарға, нарықтарға, секторларға, елдерге, валюталарға бөлу есебінен тәуекелдерді төмендету болып табылады.
- Бағалаудың тәуелсіздігі – тәуекелдерді басқару бөлімшесіне тәуекелдерді объективті және тәуелсіз бағалауға, ақпаратты басшылыққа және алқалы органдарға жеткізуге және бизнес-шешімдер қабылдау процесіне ықпал етуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдаудың ұйымдық құрылымы мен процесін құруды білдіреді.
- Ашықтық – тәуекелдерді бағалау, талдау және мониторингтеу үшін компанияның қызметі бойынша толық ақпаратқа қол жеткізудің болуын білдіреді.
- Есептілік – тәуекелдердің барлық түрлері бойынша есептіліктің жеделдігін, тұрақтылығын және стандартталуын қамтиды.
4. Сізді тәуекел-менеджмент саласына не әкелді? Сіздің мансап жолыңыз неден басталды?
Мен білімім бойынша математикпын және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін менің кәсіби қызметім қолданбалы математиканы қолданумен байланысты болады деп жоспарладым.
Өмір бойы банк саласында жұмыс істеген анамнан мен қаржы ұйымдарында математикалық білімі бар адамдарға деген қажеттілік бар екенін және нақты мамандық – бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша тәуекелдерді бағалаумен айналысатын тәуекел-менеджерлер бар екенін білдім.
Бұл мені өте қызықтырды, өйткені бұл жерде мен өзімнің математикалық білімімді пайдаланып, өзімнің талдамалық қабілеттерімді іс жүзінде тексере алатын болдым.
Мен осыдан 20 жыл бұрын сол кезде ҚР ішкі нарығындағы көшбасшылардың бірі болып саналатын инвестициялық компаниялардың бірінде («БТА Секьюритис» АҚ) өз мансабымды бастаған кезде тәуекел-менеджер болдым.
5. Сіздің лауазымыңызда табысты жұмыс істеу үшін қандай кәсіби қасиеттер қажет?
Табысты тәуекел-менеджер жоғары талдамалық қабілетке ие болуы тиіс, өйткені тәуекелдерді бағалау үшін жиі деректердің үлкен ауқымын талдауға тура келеді:
- қаржы құралдары құнының серпінін талдау білігі;
- эмитенттердің қаржылық есептілігін «оқу» білігі;
- математикалық модельдер құру, оның ішінде тәуекел-метриктер мен активтердің әділ құнын бағалау дағдысы.
Сондай-ақ ХҚЕС, бухгалтерлік есеп негіздерін білу қажет.
6. Сіздің тәжірибеңізде қандай ең күрделі тәуекел-кейсін шешуге тура келді?
Мен кездескен ең қызықты тәуекел-кейстердің бірі 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы болып табылады.
Сол кезде, 2008 жылдың қыркүйегінде, мен еңбек жолын енді ғана бастадым және мүлдем жас маман болдым.
Өз жұмысымның алғашқы күндерінде мен 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысының басталғанына куә болдым:
- 2008 жылдың 15 қыркүйегінде — АҚШ-тың ірі банктерінің бірі Lehman Brothers өзінің банкроттығын жариялады, содан кейін барлық қор нарықтарында нағыз дүрбелең басталды;
- 2009 жылғы ақпан — ҚР ірі банктерінің бірі «БТА Банк» АҚ-ын мемлекет меншігіне алды, мен оның еншілес ұйымында жұмыс істедім. «БТА Банк» АҚ акциялары 83 000 теңгеден 28 000 теңгеге дейін едәуір төмендеді;
- 2009 жылғы ақпан – теңге күрт 18% төмендеді, USDKZT бағамы 120 теңгеден 150 теңгеге дейін ұлғайды.
Жалпы алғанда, мен оқиғаның қақ ортасында қамлдым, сол кезде тәуекелдердің қалай іске асырылатынын және оларды тиімді басқару жеткіліксіз болса, оның салдары қандай болатынын көргенмін.
7. Мансаптағы қандай жетістіктеріңізбен мақтанасыз?
ҚР банк нарығындағы ең ірі сатып алу-сату мәмілесі аясында ҚР ірі банктерінің бірінің due diligence-ке қатысу тәжірибесін атап өтуге болады.
Бұл жобада мен бірегей тәжірибе жинақтадым және тұтастай алғанда қаржы институтын сатып алу үдерісі қалай жүретінін түсіндім, қаржы активтері портфелінің әділ құнын бағалауды жүргізуді үйрендім.
8. Тәуекелдерді басқару саласында жұмыс істеген уақыт ішінде сіз қандай негізгі қорытынды жасадыңыз?
Тәуекел-менеджменттегі жұмыс уақытында алған тәжірибем мен білімімді негізге ала отырып, басты сабақтардың бірі — тәуекелдерді жете бағаламауға болмайды, өйткені бұл елеулі қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.
Мысалы, 2023 жылы Silicon Valley Bank дефолтының қатты кейсі болды, ол пайыздық мөлшерлемелердің өсуі кезінде құнсызданған ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алу арқылы өзінің пайыздық тәуекелдерін жете бағаламады. Нәтижесінде банк депозиттердің бақылаусыз жылыстауына тап болған кезде үлкен шығынға ұшырады.
Сондай-ақ 2008 жылғы Lehman Brothers дефолты белгілі, онда тәуекел-менеджерлер АҚШ-тың тұрғын үй нарығындағы жарылған көпіршік аясында құны құлаған субстандартты ипотекалық бағалы қағаздарға инвестициялау кезіндегі кредиттік тәуекелдерді жете бағаламаған.
9. Жұмыста сізді не ынталандырады?
Өзімнің мінез-құлқым бойынша перфекционист болғандықтан, менің басты уәжім — өз жұмысымды сапалы әрі жедел орындау. Қол жеткізген нәтижемнен кейін ұялмайтындай етіп жұмыс істеуге тырысамын.
10. Тәуекел-менеджментті тереңірек түсінгісі келетіндерге қандай кітаптарды, подкасттарды немесе курстарды ұсынар едіңіз?
Тәуекел-менеджменттің академиялық негіздері баяндалатын кітаптардан мыналарды ұсына аламын:
Financial Risk Manager Handbook (Philippe Jorion);
Қаржылық тәуекел-менеджмент энциклопедиясы (А.А. Лобанов).