Команданың әрбір мүшесі – Компания бизнесіндегі құнды актив
Fonte Capital қызметкерлерге мансаптық өсу, кәсіби даму және ментальдық жайлылық үшін тең мүмкіндіктер бере отырып, құрметке, тұтастыққа, сенімге және жаһандық мақсаттарға бейімділікке негізделген инклюзивті орта құрады
Команда - Fonte Capital табысының негізі
Fonte Capital Ltd құндылықтары
Сенімділік
Fonte Capital Компания клиенттерінің капиталын сақтауға және көбейтуге бағдарланған инвестициялық шешімдердің/стратегиялардың кең спектрінің сенімді көзі болып табылады
Орнықтылық
Fonte Capital қызметі қаржылық тұрақтылыққа, әлеуметтік жауапкершілікке және тәуекелдерді бағалауға теңгерімді тәсілге байланысты компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге және орнықты дамуға бағытталған стратегиялық тұрғыдан сараланған шешімдерге негізделген
Кәсіпқойлық
Fonte Capital клиенттерге инвестициялық қоғамдастықтың жоғары стандарттарына сәйкес келетін эксклюзивті инвестициялық өнімдерді ұсына отырып, үздік халықаралық тәжірибелерді ұстанады








