Fonte Capital Ltd «Дашкесанская железная руда» ЖШҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды

23 қыркүйекте Бакуде I Әзірбайжан Халықаралық Инвестициялық Форумын («AIIF 2025») өткізу аясында стратегиялық келісімге қол қойылды

Fonte Capital Ltd «Дашкесанская железная руда» ЖШҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды

23 қыркүйекте Бакуде I Әзірбайжан Халықаралық Инвестициялық Форумын («AIIF 2025») өткізу шеңберінде әзірбайжандық «Дашкесанская железная руда» ЖШҚ (DDF) компаниясы мен Fonte Capital Ltd. басқаруындағы қазақстандық «Fonte GreenMet Investments Fund OEIC» қоры арасында ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойылды.

Келісім аясында бірлескен кәсіпорын - «Azerbaijan Metal Company» ЖШҚ қызметінің бағыттары бекітілді. Келісімге «DDF» ЖШҚ бас директоры Джейхун Алиев пен Fonte Capital Ltd бас директоры Ержан Мусин қол қойды.

Жаңа бірлескен кәсіпорын жылдық қуаты 2 миллион тонна ыстық брикеттелген темір (HBI) өндіретін зауытты қаржыландырумен, жобалаумен, салумен және пайдаланумен айналысатын болады. Бастапқы кезеңде зауыттың жарғылық капиталы 600 мың АҚШ долларын құрайды. Зауыт Әзірбайжанда орналасқан Шамкир ауданының аумағында салынып, 2029 жылдың басында заманауи, экологиялық қауіпсіз технологияны пайдалану арқылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жобаны іске асыру металлургия саласындағы орнықты шешімдер саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болады.