Fonte Capital-дың қатысуымен Bereke Bank-тің өңірлік бизнес-таңғы ас сериясы аяқталды

Fonte Capital-дың қатысуымен Bereke Bank-тің өңірлік бизнес-таңғы ас сериясы аяқталды

Bereke Bank N1Broker және Fonte Capital-мен бірге Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға және инвестициялық мәдениетті дамытуға бағытталған бизнес-таңғы астар сериясын аяқтады. Жоба еліміздің бірқатар қалаларын, соның ішінде Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент және Қостанай қалаларын қамтыды.

Іс-шаралар бизнес, қаржы секторы және инвестициялық қоғамдастық өкілдерін біріктіріп, инвестициялық құралдар, қор нарығының мүмкіндіктері және тұрақты бизнес құруға практикалық тәсілдер туралы ашық диалог алаңына айналды.

Кездесулер шеңберінде Fonte Capital сарапшылары капиталды басқару және қорғау тәсілдері туралы айтып берді. Бизнес-таңғы ас сериясы Bereke Bank пен Fonte Capital-дың нарық қатысушыларының кәсіби сараптамаға және заманауи қаржы құралдарына қолжетімділігін кеңейту жөніндегі бірлескен жұмысының жалғасы болды.