Fonte Capital Ltd және Bereke Bank ынтымақтастық туралы жариялады

Fonte Capital Ltd және Bereke Bank ынтымақтастық туралы жариялады

2026 жылғы 6 мамырда Fonte Capital Ltd жеке компаниясы мен Bereke Bankинвестициялық мәдениетті дамыту және клиенттердің заманауи қаржы құралдарына қолжетімділігін кеңейту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Серіктестік Fonte Capital компаниясының инвестициялық басқару саласындағы тәжірибесін және Bereke Bank-тің ауқымды клиенттік экожүйесін біріктіреді. Тараптар инвестициялар, қаржылық сауаттылық салаларындағы ақпараттық және білім беру бастамаларын бірлесіп дамытуға, сондай-ақ клиенттердің капиталды ұзақ мерзімді басқару мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ниетті.

Компания өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда инвестициялық өнімдерге қызығушылықартып келеді, ал кәсіби инвестициялық шешімдерге сұраныс клиенттер арасында барған сайын байқалуда.

«Біз үшін Қазақстандағы жетекші банктердің бірімен серіктестікті дамыту — маңызды қадам. Біз кәсіби инвестициялық өнімдерге деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын байқап отырмыз және Bereke Bank клиенттеріне реттелетін әрі ашықинфрақұрылым аясында заманауи инвестициялық құралдардың кең таңдауын ұсынуға дайынбыз»,— деді Fonte Capital Ltd бас директоры Ержан Мусин.

Bereke Bank өкілдері бұл серіктестік банктің клиенттік сервистерді дамыту және қаржылық шешімдер желісін кеңейту стратегиясына сәйкес келетінін атап өтті.

Тараптардың ынтымақтастығы қолданыстағы заңнамаға, ішкі рәсімдерге және реттеуші талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Fonte Capital Ltd — 2022 жылғы қаңтарда «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген инвестициялық басқарушы компания. Компания әртүрлі активтер класы аясында капиталдың тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында әртараптандырылған инвестициялық қорлар пулын басқаруға маманданған.

Bereke Bank (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі) — Қазақстан Республикасындағы әмбебап коммерциялық банк. Банк елдегі ең ірі банктер қатарына тұрақты түрде кіріп, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Сонымен қатар, активтер көлемі мен несие портфелі бойынша ҮЗДІК-10-дың қатарында және қаржылық көрсеткіштердің тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Банк екінші деңгейлі банктер арасында жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің өсімі бойынша көшбасшылардың бірі болып саналады.