Fonte Capital AIX биржасында Fonte Bitcoin Exchange Traded Fund OEIC Plc листингін жариялады
Официальный список Astana International Exchange (AIX).
Fonte Capital Ltd инвестициялық басқарушы компаниясы Fonte Bitcoin Exchange Traded Fund OEIC Plc қорының Astana International Exchange (AIX) ресми тізіміне енгізілгені туралы хабарлайды.
Қор акцияларының сауда-саттығы 2025 жылғы 13 тамызда АҚШ долларымен бағамдалған BETF тикерімен басталады және AIX алаңында Ring the Bell ресми рәсімі шеңберінде іске қосылады.
BETF – Орталық Азиядағы биткоинге арналған бірінші спотты биржалық инвестициялық қор (ETF). Fonte Bitcoin ETF биткоин бағасының серпінін дәл көрсетуге бағытталған және Қордың шығыстары мен міндеттемелерін шегергенге дейін осы көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылады. Қор non-Exempt ретінде тіркелген, бұл оны нарықтың білікті емес қатысушыларын қоса алғанда, инвесторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді етеді.
AIX-дегі BETF листингі Қазақстанның инвестициялық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамды білдіреді және инвесторларға биткоинді базалық активті сақтаумен және мұраға қалдырумен байланысты қиындықсыз өздерінің инвестициялық портфельдеріне қосудың реттелетін және қауіпсіз тәсілін ашады.