Fonte Capital биржалық қорлары ITS-те сауда-саттықты бастады

Fonte Capital биржалық қорлары ITS-те сауда-саттықты бастады

2026 жылғы 26 наурызда Fonte Bitcoin ETF (BETF) және Fonte Solana ETF (SETF) биржалық қорларының акциялары ITS халықаралық сауда-саттық алаңында саудалана бастады.

BETF — Орталық Азиядағы споттық Bitcoin-ға алғашқы биржалық инвестициялық қор.

SETF — стейкингі бар спот Solana-дағы әлемдегі бірінші ETF.

Қорлар базалық актив бағасының серпінін дәл көрсетуге бағдарланған және қорлардың шығыстары мен міндеттемелерін шегергенге дейін осы көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылады. Екі қор да АХҚО юрисдикциясында Non-Exempt мәртебесімен тіркелген, бұл оларды инвесторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді етеді.

Fonte Capital іске қосқан ETF инвесторларға цифрлық активтерді криптовалютаны тікелей иеленудің қажеттілігінсіз инвестициялық портфельге қосуға мүмкіндік береді. Мұндай формат операциялық және технологиялық тәуекелдерді төмендетеді, сондай-ақ әдеттегі және реттелетін биржалық инфрақұрылым арқылы цифрлық активтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Fonte Solana ETF (SETF) қосымша артықшылығы стейкинг тетігіне қатысу мүмкіндігі болып табылады, ол бойынша әлеуетті кірістілік SOL токендерінде жылдық 5,5%-дан 7,5%-ға дейін құрайды. Стейкингтен түсетін кіріс SETF операциялық шығыстарын ішінара жабады және базалық актив көлемінің ұлғаюына ықпал етеді, бұл өз кезегінде қор активтерінің таза құнының өсуіне оң әсер етуі мүмкін.

Базалық активтерді сақтау цифрлық активтердің жетекші реттелетін кастодиандарының бірі — BitGo Trust Company арқылы жүзеге асырылады. Қорлардың бастапқы листингі 2025 жылы Astana International Exchange (AIX) биржасында өтті.

ITS-те сауда-саттықтың басталуы инвесторлар базасын кеңейту және сауда-саттыққа қатысушылар санын ұлғайту есебінен қорлардың өтімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бұдан басқа, ITS инфрақұрылымы бағалы қағаздарды қамтамасыз ету (collateral) ретінде пайдалану мүмкіндігін көздейді, бұл Fonte Capital қорларының акцияларын сауда-саттық және инвестициялық операциялар шеңберінде пайдалануға мүмкіндік береді.