Fonte Capital Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының құрамына кіреді

Fonte Capital Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының құрамына кіреді

Fonte Capital Ltd жеке компаниясы 25 жылдан астам тарихы бар еліміздің қаржы секторы өкілдерінің ірі кәсіби бірлестігі - «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ (ҚҚҚ) құрамына қабылданды. Шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Fonte Capital-дың ҚҚҚ-ға қосылуы Қазақстанның орнықты қаржы экожүйесін қалыптастыруға, қор нарығының инфрақұрылымын дамытуға және капиталды басқарудың озық тәжірибелерін енгізуге қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Біз диалог пен қаржы нарығын дамытудың негізгі алаңдарының бірі – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі болғанымызға қуаныштымыз. Fonte Capital прогрессивті инвестициялық өнімдерді іске қосу және стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру арқылы өңірлік инвестициялық инфрақұрылымды қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. ҚҚҚ-ға мүшелік бізге нарықтың жетекші қатысушыларымен тәжірибе алмасуға және елдің қаржы жүйесін нығайтуға бірлесіп үлес қосуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Fonte Capital Ltd қаржы директоры Павел Афанасьев.