Fonte Capital Figment-пен серіктестік арқылы Fonte Solana ETF институционалдық инфрақұрылымын күшейтуде

Fonte Capital Figment-пен серіктестік арқылы Fonte Solana ETF институционалдық инфрақұрылымын күшейтуде

Fonte Capital Proof-of-Stake-инфрақұрылымының жетекші провайдері Figment-пен серіктестіктің арқасында Fonte Solana ETF (SETF) инфрақұрылымын нығайтуда.

Figment $15-18 млрд сомаға стейкингке арналған активтерін басқарады және операциялық сенімділік пен жоғары валидациялық қызметтер ұсына отырып, 1000-нан астам институционалды клиенттерге қызмет көрсетеді.

Fonte Solana ETF (SETF) негізгі стейкинг-провайдерлерінің бірі бола отырып, Figment халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылым шеңберінде Solana кірістілігіне ашық және реттелетін қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

2025 жылғы қыркүйекте іске қосылған спотты Solana-ға әлемдегі алғашқы ETF-ке жеке инвесторлар тарапынан да, институционалдық инвесторлар тарапынан да тұрақты қызығушылық туындап отыр. Листинг сәтінен бастап сауда-саттықтың жиынтық көлемі $1 млн-нан асты, ал Fonte Solana ETF (SETF) стейкингі бойынша орташа сараланған кіріс 2025 жылдың қыркүйек-қараша айларында жылдық 7,83% SOL-ды құрады, бұл 41,31 SOL-ға баламалы.

Стейкинг қорға қосымша инвестициялардың қажеттілігінсіз акциялардың құнын арттыра отырып, базалық активте пассивті кіріс жасауға мүмкіндік береді. Стейкингтен түсетін кіріс қордың операциялық шығыстарын ішінара жабады және базалық активтің көлемін ұлғайтады, бұл SETF активтерінің таза құнының (NAV) өсуіне оң әсер етеді.

Қордың базалық активтері көп деңгейлі қорғау жүйесі, салқын сақтау және сақтандыру жабыны бар реттелетін кастодиан BitGo Trust Company, Inc.-те сақталады.

«Криптоинфроқұрылымның жетекші провайдерлерімен серіктестік біздің Орталық Азиядағы цифрлық инвестициялық өнімдер нарығында жаңа салалық стандарттар мен бағдарларды қалыптастыруға бейілділігімізді растайды», — деп атап өтті Fonte Capital Ltd бас директоры Ержан Мусин.

«Орталық Азия - цифрлық активтердің стейкингі үшін ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі, және біз Fonte Capital-ды институционалды клиенттерге стейкингі бар өнімдерді ұсынуға ұмтылуда қолдайтынымызға қуаныштымыз», — деп атап өтті Figment Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі басшысы Yanshan Tan. – «Біздің өңірге шығуымыз институционалдық инвесторларға халықаралық талаптарға сай келетін стейкинг-инфрақұрылымды бірінші күннен бастап ұсына отырып, ұзақ мерзімді өсудің негізін қалайды».