Fonte Capital Ltd AIX сауда-саттық мүшесі болды

Fonte Capital Ltd Astana International Exchange (AIX) сауда-саттық мүшелерінің қатарына қосылғанын хабарлайды.

Fonte Capital Ltd AIX сауда-саттық мүшесі болды

«Астана «халықаралық қаржы орталығында тіркелген Fonte Capital Ltd. өз клиенттеріне ұжымдық инвестициялар схемаларын басқаруды (босатылған да, босатылмаған да қорлар), инвестициялар бойынша консультация беруді, инвестициялармен мәмілелерді ұйымдастыруды, инвестицияларды басқару мен қор әкімшілігін қоса алғанда, қызметтердің кең спектрін ұсынады.

AIX мүшелігі Fonte Capital Ltd үшін инвестициялық өнімдерді дамытудың және клиенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің жаңа перспективаларын ашады.