Fonte Capital Ltd «Тұран» университетінде семинарға қатысты
Антифрод, дроппершілікке қарсы іс-қимыл, жеке қаржы және инвестициялау кездесудің негізгі тақырыбына айналды
24 қыркүйекте «Тұран» университетінде Fingramota.kz жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) ұйымдастырған «Қаржылық сауаттылық халықтың әл-ауқатын арттыру факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті.
«Тұран» білім беру корпорациясының Президенті Рахман Алшанов пен ҚР ҚНРДА төрағасының орынбасары Олжас Кизатов құттықтау сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасы екі тақырыптық блокты қамтыды: қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және жеке қаржыны басқару.
Спикерлер ретінде ҚР ҚНРДА, ҚР ІІМ сарапшылары, Fonte Capital Ltd. инвестициялық басқарушы компаниясын, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) және «Тұран» университетінің жоғары қаржы және есеп мектебінің оқытушыларын қоса алғанда, жетекші қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Fonte Capital Ltd. қаржы директоры Павел Афанасьев студенттер алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның қаржы секторының негізгі аспектілері мен инвестициялық сауаттылық қағидаттары туралы білімімен бөлісті.
Іс-шара қаржы саласының студенттері мен сарапшыларын біріктіріп, тәжірибе алмасу және Қазақстанда қаржылық сауаттылық мәдениетін ілгерілету үшін маңызды алаңға айналды.