Fonte Capital BitGo IPO-ға қатысты
Fonte Capital цифрлық активтерді сақтау, әмияндарды басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін институционалдық инфрақұрылымның жетекші жаһандық жеткізушісі — BitGo акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) қатысты. Орналастыру 22 қаңтарда Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) өтті. Мәміле Fonte Value Fund инвестициялық қоры арқылы іске асырылды, ол BitGo-ның тікелей акционері болды.
IPO жаһандық институционалдық инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды және қолда бар ақпарат бойынша өтінімдер кітабына қайта қол қойылды, нәтижесінде жалпы 212,8 млн АҚШ доллары тартылды, ал компанияның бағасы 2,08 млрд АҚШ долларын құрады. Мәміленің жетекші букраннері Goldman Sachs, бірлескен букраннері — Citigroup болды.
2013 жылы құрылған BitGo компаниясы бүгінгі күні криптоактивтерді қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін цифрлық активтердің ірі кастодиандарының бірі болып табылады. Компания белсенді өсу сатысында тұр: алдын ала бағалауға сәйкес 2025 жылғы түсім 16 млрд АҚШ долларынан асуы мүмкін, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5 есе жоғары. Платформадағы активтердің көлемі шамамен 104 млрд АҚШ долларын құрайды, ал клиенттердің базасы шамамен 5 000 клиентті құрайды. BitGo-ның негізгі артықшылықтарының бірі АҚШ-тың және Сингапур, Швейцария, Еуропалық одақ елдері (Германия, Дания) және Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай) сияқты басқа да юрисдикциялардың жетекші реттеушілерінің талаптарына қатаң сәйкестігі болып табылады. Компанияның жария нарыққа шығу туралы шешімі оның барынша ашықтығы мен есептілігін көрсетеді, реттелетін және сенімді кастодиандық провайдер ретінде BitGo мәртебесін қосымша нығайтады, сондай-ақ компанияның бизнес моделінің тұрақтылығына сенімін көрсетеді.
Әлемдік жетекші кастодиандық провайдерлердің бірінің жаһандық ІРО шеңберінде осындай мәмілеге Fonte Capital қатысуы компанияның инвестициялық қорларды құру және басқару саласында ғана емес, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарындағы маңызды оқиғалардың институционалдық қатысушысы ретінде инвестициялық шешімдерді қалыптастыру және іске асыру тәсілін көрсетеді.
“Fonte Capital үшін бұл жаһандық компанияның ІРО-ға қатысуының алғашқы мәмілесі. Мәміле табысты өтті және бізге жетекші әлемдік инвестициялық банктермен өзара іс-қимылдың құнды тәжірибесін берді. Біз оны стратегиямызды дамытудағы маңызды кезең және халықаралық IPO-ға одан әрі қатысудың негізі ретінде қарастырамыз. Сенімі мен көрсеткен қолдауы үшін Fonte Value Fund серіктестері мен инвесторларына алғыс айтамын», - деп түсініктеме берді Fonte Capital бас директоры Ержан Мусин.