Fonte Capital Astana Finance Days 2025 көрмесінде «Innovation in Fund Structuring» сыйлығын алды
2025 жылғы 4 қыркүйекте Fonte Capital Ltd «Innovation in Fund Structuring» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
2025 жылғы 4 қыркүйекте Fonte Capital Ltd AIFC Awards сыйлығы шеңберінде «Innovation in Fund Structuring» номинациясында марапатқа ие болды. Сыйлық инновациялар, ынтымақтастық, өсім және ықпал ету арқылы «Астана» халықаралық қаржы орталығының экожүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан компанияларды тануға бағытталған.
Марапаттау Astana Finance Days 2025 жыл сайынғы конференциясы аясында өтті, оған әлемнің қаржы секторы мен бизнестің жетекші өкілдері қатысты.
Fonte Capital АХҚО юрисдикциясында жұмыс істеген үш жыл ішінде елдің инвестициялық инфрақұрылымын дамытуға және активтерді басқару саласында инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал ете отырып, елеулі нәтижелерге қол жеткізген компания ретінде атап өтілді. Бүгінде компания 20-дан астам инвестициялық қорды және 10 шатырлы қосалқы қорды басқарады. Fonte Capital Орталық Азиядағы алғашқы Bitcoin ETF-ті, әлемдегі алғашқы Solana ETF-ті, сондай-ақ шатырлы және кредиттік қорларды қоса алғанда, қорлардың бірегей түрлерін құрған және табысты дамытқан алғашқы басқарушы болды.
«Innovation in Fund Structuring» номинациясы бойынша марапаттау прогрессивті инвестициялық құралдарды іске қосу тек Fonte Capital үшін ғана емес, сонымен қатар АХҚО барлық экожүйесі мен өңірлік қаржы нарығы үшін маңызды қадам болғанын растайды. Бұл жетістіктер бүкіл Fonte Capital командасының кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Біз инвесторларға инвестициялық құралдардың әртараптандырылған пулын ұсына отырып, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін инвестициялық өнімдерді дамытуды жалғастырамыз. Барлық Fonte Capital командасына, біздің серіктестерімізге және АХҚО-ға сенім мен қолдау үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті Fonte Capital Ltd. бас директоры Ержан Мусин.