Fonte Capital кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін Bereke Bank-тің бизнес-кездесулер сериясына қатысты
Bereke Bank N1Broker, Fonte Capital және KIT-пен бірлесіп Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға және инвестициялық мәдениетті дамытуға бағытталған бірқатар бизнес-таңғы ас өткізді. Алғашқы кездесулер Алматы мен Астанада өтіп, кәсіпкерлерді, инвесторларды және қаржы нарығының сарапшыларын біріктірді.
Іс-шаралар бизнес пен қаржы секторы өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Спикерлер тәжірибелік кейстерді таныстырды, талдамамен бөлісті және қатысушылармен бизнестің тиімділігін арттырудың нақты құралдарын талқылады.

Сөз сөйлеу барысында Fonte Capital сарапшылары АХҚО-дағы инвестициялық қорлар, капиталды басқару мен қорғаудың заманауи тәсілдері, қаржы нарығының өзекті трендтері және активтерді құрылымдау туралы айтып берді.
«Біз Bereke Bank-пен ынтымақтастыққа қуаныштымыз және кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірлескен бастамаларды дамытуда жоғары әлеуетті көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз — АХҚО-ның реттелетін инфрақұрылымы шеңберінде клиенттерге капиталды басқарудың ұзақ мерзімді стратегиясын құруға көмектесе отырып, кәсіби инвестициялық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік беру», - деп атап өтті Fonte Capital Ltd бас директоры Ержан Мусин.
Бизнес-таңғы астар сериясы Қазақстанның бірнеше қалаларын, соның ішінде Қарағанды, Шымкент және Қостанай қалаларын қамтиды және тәжірибе алмасу мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін тұрақты алаңға айналады.