Fonte Fixed Income Fund AIX-де листингтелді
Fonte Capital Ltd Fonte Fixed Income Fund OEIC Plc жария қорының Astana International Exchange (AIX) ресми тізіміне енгізілгені туралы хабарлайды.
Қордың акциялары биржада 2026 жылғы 30 қаңтардан бастап АҚШ долларындағы баға белгіленімдерімен GLOB сауда символымен сауда жасай бастайды. Қор АХҚО-ның юрисдикциясында non-exempt мәртебесімен тіркелген, бұл оны инвесторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді етеді.
Fonte Fixed Income Fund инвестициялық стратегиясы негізінен инвестициялық деңгейдегі егеменді және корпоративтік облигациялардан, сондай-ақ кірістілігі жоғары облигациялардың жекелеген шығарылымдарынан (high-yield) және тіркелген кірісі бар құралдарға ETF тұратын жоғары сапалы портфельді қалыптастырудан тұрады. Мұндай тәсіл инвестициялық көкжиек бойында капиталды сақтау мен кірісті ң шоғырлануын үйлестіруге мүмкіндік береді.
https://aix.kz/issuers/fonte-fixed-income-fund-oeic-plc-glob/