- Қазақстан
- Дс-Жм
- 09:00-18:00
Ашық түрдегі инвестициялық қор
Fonte Innovation Fund
OEIC Plc
Өтінішіңіз жіберілді!
Өтініште көрсетілген электрон поштаға жауапты күтіңіз
Қор комиссияларының құрылымы
- Басқару үшін комиссия ТАҚ-тан жылына 2%
- Жазылу үшін комиссия жазылу сомасынан 1%
- Lock-up кезеңі 90 күн
- Early redemption fee төлем сомасынан 5%
Көрсетілген күндегі таза активтердің құны (ТАҚ):
23.02.2026
0.00
Бір күндегі таза активтер құнының өзгеруі:
23.02.2026
$0.00
Жыл басынан бері ТАҚ бойынша жиынтық кірістілік:
23.02.2026
0.00%
Жыл басынан берігі жалпы кірістілік:
0.00%
Неліктен Fonte Innovation Fund
1
Қор нарықтың қозғалыс бағытына қарамастан кіріс алуға бағытталған цифрлық активтер нарығындағы нарықтық-бейтарап стратегияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қорландыру мөлшерлемелері бойынша арбитраж және өтімділікті ұсыну стратегияларын біріктіре отырып, Қор споттық позициялар мен ETF сияқты дәстүрлі криптовалюталық аллокацияларды толықтыратын кірістің бағытталмаған (дирекционды емес) табыс көзін қалыптастырады.
2
Орталықтандырылған және орталықсыздандырылған нарықтардағы өтімділікті белсенді басқарудың арқасында стратегия қорландыру тетіктеріндегі және on-chain өтімділік пулдарындығы құрылымдық тиімсіздіктерді пайдаланады. Осылайша, жүйелі хеджирлеу есебінен бақыланатын бағалық экспозицияны сақтай отырып, нарықтық құбылмалылықты тұрақты кіріс көзіне айналдырады.
3
Стратегия нарықтық инфрақұрылымнан, соның ішінде қорландыру мөлшерлемелерінің дифференциалдарынан, өтімділік үшін сыйлықақылардан және арбитраждық дислокациялардан кіріс алуға бағытталған. Бұл нарықтық цикл фазаларына сезімталдығы төмен тұрақты кіріс ағынын қалыптастыру әлеуетін қамтамасыз етеді.
4
Қор қорландыру арбитражы және on-chain өтімділікті басқару стратегияларына институционалдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл стратегияларды іске асыру, әдетте, айтарлықтай операциялық, технологиялық және тәуекел-менеджмент құзыреттіліктерін талап етеді. Инвесторларға кәсіби деңгейде басқарылатын, комплаенсқа бағытталған және операциялық тұрғыдан тиімді инвестициялық құрал ұсынылады.
5
Қор әртараптандырылған портфель құрылымында цифрлық кіріс қабаты ретінде әрекет етеді. Ол тәуекелді ескере отырып, кірістілік көрсеткіштерін арттырады, нарықтың бағытталған қозғалысына тәуелділікті төмендетеді және цифрлық активтерге long-only инвестицияларымен қатар тұрақты кіріс құрамдас бөлігін қалыптастырады.
Инвестициялық мақсат
Қордың инвестициялық мақсаты - споттық цифрлық активтердің, LST (Liquid Staking Tokens) және туынды құралдардың комбинациясын пайдалануға негізделген нарықтық-бейтарап сауда стратегиясын іске асыру арқылы капитал өсіміне қол жеткізу. Бұл стратегия қорландыру мөлшерлемелерінің тетіктері есебінен кіріс алуға бағытталған.
Қор өзінің барлық дерлік активтерін споттық цифрлық активтердің, LST (Liquid Staking Tokens) және цифрлық активтерге арналған туынды құралдардың, негізінен мерзімсіз фьючерстік келісімшарттардың (perpetual futures) әртараптандырылған портфеліне инвестициялайды. Портфель базалық активтердің бағытталған баға қозғалысына бейтарап экспозицияны сақтай отырып, сонымен бірге қорландыру мөлшерлемелері есебінен кіріс алуды қамтамасыз ететіндей етіп құрылымдалған. Сауда-саттық цифрлық активтермен сауда жасаудың реттелетін алаңдарында (Digital Asset Trading Facilities) жүзеге асырылады.
Қор цифрлық активтер бағасының бағытталған өсімі есебінен кіріс алуды мақсат етпейді; керісінше, оның нарықтық экспозициясы споттық позициялар мен фьючерстік келісімшарттарды теңгерімдеу (баланстау) арқылы барынша азайтылады, бұл ретте кірістің негізгі көзі қорландыру мөлшерлемелерінің дифференциалдары болып табылады.
Қор тәуекелге төзімділігі жоғары және нарықтық-бейтарап стратегияларды, цифрлық активтер нарығын, сондай-ақ споттық және туынды құралдарды терең түсінетін кәсіби инвесторларға арналған.
Инвестициялық мақсат сондай-ақ жетекші цифрлық активтер мен стейблкоиндерден тұратын әртараптандырылған on-chain өтімділік пулдарын өтімділікпен қамтамасыз етуді де қарастырады. Бұл ретте онымен байланысты бағалық экспозицияны жүйелі және алгоритмдік ережелерге негізделген (rules-based) негізде іске асырылатын туынды құралдар, негізінен мерзімсіз фьючерстік келісімшарттар арқылы хеджирлеу қатар жүргізіледі.
Fonte Innovation Fund OEIC Limited (бұдан әрі — Қор) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында тіркелген босатылған инвестициялық қор (exempt investment fund) болып табылады және тек Қордың Конституциясы мен Оферталық материалдары негізінде Қорға қатысу шарттарын өз бетінше бағалаған Кәсіби клиенттерге ғана арналған.
Тиісінше, Қорға қатысуға байланысты құқықтар мен міндеттемелердің қолайлылығын анықтау жауапкершілігі инвесторға жүктеледі.
Тек Қордың Конституциясында және оның Оферталық материалдарында тікелей бекітілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің ғана (егер олар қарастырылған болса), онда белгіленген шектеулер мен шарттарды ескере отырып, заңды күші болады.
FIF NAV per Unit, US Dollar
Жиынтық табыстылығы
| YTD | 1 ай | 3 ай | 6 ай | 1 жыл | |
|---|---|---|---|---|---|
| FIF-ң жиынтық табыстылығы, % | |||||
| T-Bils жалпы табыстылығы, % |
Негізгі параметрлер
| Таза активтердің құны | $ 1 000 000.00 | Қорды іске қосу | |
|---|---|---|---|
| Бір акцияға шаққандағы таза активтердің құны | $ 1 000.00 | Активтер класы | Цифровые активы (альтернативный) |
| Үлестіру | none | Толық атауы / Қысқартылған атауы | Fonte Innovation Fund OEIC Limited / FIF |
| ISIN | KZX000001540 | Ақша нарығының базалық мөлшерлемесі | U.S. Treasury Bills |
| Атауы | Fonte Fixed Income Fund OEIC Plc. | Биржа | BitGo |
|---|---|---|---|
| Қор Түрі | Exempt (Босатылған) | Кастодиан: | BitGo |
| Басқарушы | Fonte Capital Ltd. (AIFC, license AFSA-A-LA-2022-0004) | Басқару комиссиясы | 2% жылдық |
| Юрисдикция | AIFC (Астана халықаралық қаржы орталығы) | Жазылым комиссиясы | 1% жазылым сомасынан |
| Стратегия | Нарықтық-бейтарап | Табыстылық үшін сыйақы | 20% тоқсан сайын |
| Бір акцияның номиналды құны | USD 1,000.00 | Lock-up кезеңі | Жазылу күнінен бастап 90 күн |
| Инвестициялаудың минималды сомасы | USD 50,000.00 | Өтеу комиссиясы | Өтеу сомасынан 5%, lock-up кезеңі аяқталмай тұрып берілген мерзімінен бұрын өтеу өтінімдеріне қолданылады |
| Базалық валюта | US Dollar | Операциялық шығыстар | 2%-ге дейін |
| Цифрлық активтермен сауда жасау алаңдары (DATFs) | BN KZ Technology Limited, Bybit Limited, ATAIX Eurasia | Мақсатты жалпы кірістілік | 15%-ға дейін USDT APR |
Ақпараттық материалдар
Өтінішіңіз жіберілді!
Өтініште көрсетілген электрон поштаға жауапты күтіңіз
Cookie файлдары туралы хабарлама
Біз сайттың жұмысын жақсарту, навигацияны жеңілдету және трафикті талдау үшін cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалануды жалғастыру арқылы сіз cookie файлдарын және пайдаланушы деректерін өңдеуге келісесіз.