Fonte Capital Орталық Азиядағы алғашқы спот биткоин-ETF-ті іске қосты
Қазақстан физикалық биткоинмен қамтамасыз етілген реттелетін қоры бар ETF жаһандық жарысына қосылды.
Астанада Орталық Азиядағы алғашқы спот биткоин-ETF – Fonte Capital Ltd. инвестициялық басқарушы компаниясы тіркеген Fonte Bitcoin Exchange Traded Fund OEIC PLC (BETF) сауда-саттық басталуыны ресми салтанаты болып өтті. BETF инвесторларға цифрлық активті тікелей иелену қажеттілігінсіз өз портфеліне биткоинді қосудың ыңғайлы және қауіпсіз тәсілін ұсынады.
Қор Astana International Exchange (AIX) ресми тізіміне енгізілді, Қордың акциялары биржада 2025 жылғы 13 тамыздан бастап BETF сауда-саттық символымен, АҚШ долларымен баға белгілеумен саудалана бастады. BETF биткоин бағасының серпінін дәл көрсетуге бағдарланған және Қордың шығыстары мен міндеттемелерін шегергенге дейін осы көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылады. Қор non-Exempt ретінде тіркелген, бұл оны нарықтың білікті емес қатысушыларын қоса алғанда, инвесторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді етеді.
Биткоин — бүкіл әлем бойынша инвесторлардың тұрақты қызығушылығын тудыратын алғашқы цифрлық валюта. Оның іргелі құндылығы 21 миллион монетаның шектеулі эмиссиясымен айқындалады. Он жыл бойы ол стратегиялық маңызы бар жаһандық орталықсыздандырылған актив мәртебесін сақтайды.
Нарықтың танылған әлемдік институционалдық қатысушылары тарапынан цифрлық активтерге өсіп келе жатқан қызығушылық жағдайында, Fonte Capital Ltd BETF-ті реттелетін ортада биткоинге қол жеткізуді қамтамасыз ететін және басқарушы компанияның төмен - активтердің таза құнынан жылына 0,75% комиссиясын қоса алғанда, қолда бар баламалардан негізгі артықшылықтарға ие инвестициялық құрал ретінде, ал сондай-ақ базалық активпен есеп айырысу мүмкіндігін (in kind) ұсынады.
«BETF іске қосу – Қазақстан мен Орталық Азия үшін ашық және реттелетін криптоэкожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті Fonte Capital CEO Ержан Мусин.
BETF-тің негізгі артықшылықтарының бірі оны АХҚО юрисдикциясында тіркеу болып табылады, бұл халықаралық санкциялар енгізілген жағдайда активтерді оқшаулау тәуекелін төмендетеді және шетелдік эмитенттерге тәуелділікті жояды. Бұдан басқа, қордың құрылымы жиынтық шығыстарды (TER) оңтайландыруға ықпал етеді және бағаны қадағалау қатесін азайтады. Биржалық ноталардан (ETN) айырмашылығы, BETF кредиттік тәуекелге ие емес, себебі акциялар базалық актив – биткоинмен қамтамасыз етілген.
Қордың базалық активі BitGo Inc. лицензияланған кастодианында сақталады, ол қорғау мен сақтандыру өтемінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Цифрлық активтермен операциялар ByBit Limited, ATAIX Eurasia Ltd және BN KZ Technologies Limited (Binance) қоса алғанда, АХҚО-ға қатысушы — ірі лицензияланған биржаларда жүргізіледі. BETF маркетмейкері Freedom Broker болып табылады.
"Fonte Bitcoin ETF https://fonte.kz/kk/services/funds/fonte-bitcoin-exchange-kz іске қосылуы цифрлық активтерге инвестицияларды дамытудың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Біз инвесторларға биткоинді базалық активті сақтаумен және мұраға қалдырумен байланысты қиындықсыз өздерінің инвестициялық портфельдеріне енгізудің ыңғайлы және қауіпсіз тәсілін ұсынамыз. BETF өз инвестициялық портфелін әртараптандыруға және қаржы құралдарының жаңа санатына қол жеткізуге ұмтылатын инвесторлар үшін қажетті құралға айналатынына сенімдіміз." - деп атап өтті Fonte Capital Ltd. бас директоры Ержан Мусин.
Fonte Capital Ltd инвестициялық басқарушы компаниясы - Қазақстан Республикасында «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясы шеңберінде (AFSA-A-LA-2022-0004) тіркелген және ұжымдық инвестициялар қорларын басқаруға лицензиясы бар. Fonte Capital Ltd өз клиенттеріне активтердің әртүрлі сыныптарына қолжетімділігі бар инвестициялық құралдардың әртараптандырылған пулын ұсынады.